Қарабаев Қазақстанда қандай тұрмыстық техникалар шығарылып жатқанын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМарат Қарабаев
Марат Қарабаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 тамыз - Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстанда қандай тұрмыстық техникалар шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Алматы облысында Dauscher маркалы электр плиталар мен пештер шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр.
"Оған қоса, биыл Қарағанды облысы Саран қаласында теледидар, шаңсорғыш және кір жуатын машина сияқты тұрмыстық техника шығаратын жаңа зауыт іске қосылады", - деді Қарабаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бидай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Астана халықаралық форумы
Катар инвесторлары Қазақстанда бидай өңдейтін зауыт салғысы келеді
Жаңалықтар
0