Білім

340 мыңға жуық бала қабылданды: 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі аяқталды

Өтініш берішулердің 70,7%-і мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген
Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik.АСТАНА. Қазақстанда 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын.
Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды.
Министрліктің мәліметінше, өтініш берішулердің 70,7%-і мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген.
Сондай-ақ, бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелген.
Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды.
Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың 70 %-і қазақ тілінде білім алуға өтініш берген