https://sputnik.kz/20230615/birinshi-synypqa-qabyldanatyn-balalardyn-70--ti-qazaq-tilinde-bilim-aluga-otinish-bergen-35976465.html
Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың 70 %-і қазақ тілінде білім алуға өтініш берген
Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың 70 %-і қазақ тілінде білім алуға өтініш берген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып, 1... 15.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-15T12:11+0500
2023-06-15T12:11+0500
2023-06-15T12:31+0500
оқушы
мектеп
бірінші сынып
https://sputnik.kz/img/158/57/1585710_0:84:1600:984_1920x0_80_0_0_eb760a264bcb8072c7e502105f562755.jpg
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.Бүгінде 1-сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түскен. Оның ішінде балалардың 70% - ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады.Қазір бірінші сыныпқа қабылдау бойынша өтінімдердің жоғары көрсеткіштері Қызылорда (92%), Ұлытау (83,7%), Шығыс Қазақстан (78%), Маңғыстау (87,1%) Түркістан (79,8%) облыстарында байқалады.Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.
https://sputnik.kz/20230507/bilim-salasynda-qansha-er-pedagog-zhumys-isteydi-34650159.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/158/57/1585710_90:0:1511:1066_1920x0_80_0_0_ba8fa96db16cb9d704a1d7c5466b6213.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, мектеп, бірінші сынып
оқушы, мектеп, бірінші сынып
Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың 70 %-і қазақ тілінде білім алуға өтініш берген
12:11 15.06.2023 (жаңартылды: 12:31 15.06.2023) АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
Бүгінде 1-сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түскен. Оның ішінде балалардың 70% - ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады.
"Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Ата-аналар белсенді. Биылғы бірінші сыныпқа қабылданушылар арасында мемлекеттік тілде оқығысы келетіндер көп. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша Қызылорда (94,1%), Маңғыстау (93,2%), Ұлытау (82,5%), Түркістан (80,6%) және Жамбыл (79,4%) облыстары ең жоғары көрсеткішпен алда тұр", – деді комитет төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.
Қазір бірінші сыныпқа қабылдау бойынша өтінімдердің жоғары көрсеткіштері Қызылорда (92%), Ұлытау (83,7%), Шығыс Қазақстан (78%), Маңғыстау (87,1%) Түркістан (79,8%) облыстарында байқалады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.