АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Аланияда жол апатынан зардап шеккен жолаушылардың бірі ауыр жарақат салдарынан бүгін таңертең ауруханада көз жұмды, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Қайтыс болған Қазақстан азаматының ұлы бүгін Анталияға барды, қазір дипломаттармен бірге жүр. Оған барлық қажетті көмек көрсетіледі.