Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус жол апатына түсті

© Photo : Сайт телеканала NTVМикроавтобус с казахстанскими туристами попал в серьезное ДТП в Турции
Микроавтобус с казахстанскими туристами попал в серьезное ДТП в Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Қазақстандық туристер мінген экскурсиялық автобус Түркияның Алания қаласында жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Шетелдік БАҚ жол апатынан екі адам қайтыс болып, 12 адам зардап шеккенін хабарлады. Жол апаты Окурджалар кентінің маңында болған.
"Туристер отырған көліктің жүргізушісі мен украин гидінің сол жерде қаза тапқаны анықталды. 12 турист Алания және Манавгат аудандарының ауруханаларына жеткізілді. Алты турист апат салдарынан ауыр жарақат алған", - дейді телеарна.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің айтуынша, оқиға орнына консул шұғыл аттанған.
"Бүгін таңертең Алания тас жолында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін ҚР консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Оқиға
Түркияда Қазақстан азаматын жаралады
Жаңалықтар
0