Тоқаев Марокко королін құттықтады

Sputnik
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Президент Марокко короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев король VI Мұхаммедті Марокко корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады", - делінген Ақорда хабарламасында.
Президент Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді қарым-қатынастың одан әрі жандана беретініне сенім білдіріп, VI Мұхаммедтің қызметіне табыс тіледі.
Тоқаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады