ҰҚК мен Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі есірткі лабораториясын жойды

Sputnik
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның Ішкі істер министрлігімен брлесіп, ТМД елдерінің аумағында таратылған психотроптық заттардың ірі өндірісін жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Операция барысында ірі есірткі лабораториясы Қырғызстан Республикасында жұмыс істегені анықталды. Халықаралық өзара әрекеттестік аясында жедел ақпарат серіктестерге жолданды.
"Нәтижесінде 2023 жылғы 29 маусымда Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңында синтетикалық есірткінің дайын партиясын тасымалдау үстінде жергілікті есірткі қылмысына қатысы бар топтың көшбасшысын және оның екі көмекшісін қолға түсірді", - деп жазылған хабарламада.
Тінту кезінде 30 келі "мефедрон", 2.2 тонна прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіретін құрылғы табылып, тәркіленді.
Қоғам
Астана тұрғындары пошта арқылы Америкадан есірткі алдыртқан