https://sputnik.kz/20230512/astana-turgyndary-poshta-arqyly-amerikadan-esirtki-aldyrtqan-34797580.html
Астана тұрғындары пошта арқылы Америкадан есірткі алдыртқан
Астана тұрғындары пошта арқылы Америкадан есірткі алдыртқан
Есірткі ойыншық қорабына басқа зат түрінде салынған.
2023-05-12T11:05+0600
2023-05-12T11:05+0600
2023-05-12T11:05+0600
қоғам
есірткі
пошта
америка
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_0:293:5616:3452_1920x0_80_0_0_3c1fc69a47d306a8c0c4bf5bb12726a0.jpg
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы Қазақстанға есірткі жеткізген бір топ адамды ұстады.Есірткі ойыншық қорабына басқа зат түрінде салынған. Сәлемдеме штаттардан алдымен Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген.Кеден қызметкерлері қораптан ерекше иісі бар қою жасыл өсімдік затын тапты. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шыққан. Жалпы салмағы – 500 гр.ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері есірткіні тәркілеп, күдіктілерді ұстау үшін орнына макет салған. Сәлемдемені Астана қаласының тұрғыны қабылдап, одан әрі орау үшін басқа азаматқа берген.Күдіктілер сәлемдемені қабылдау-тапсыру кезінде ұсталды. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
https://sputnik.kz/20230508/qostanay-politsey-esirtki-kudikke-ilindi-34666175.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_312:0:5304:3744_1920x0_80_0_0_af40d9c9686411980bfb48ca46aee514.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
есірткі марихуана америка пошта күдіктілер полиция
есірткі марихуана америка пошта күдіктілер полиция
Астана тұрғындары пошта арқылы Америкадан есірткі алдыртқан
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы Қазақстанға есірткі жеткізген бір топ адамды ұстады.
Есірткі ойыншық қорабына басқа зат түрінде салынған. Сәлемдеме штаттардан алдымен Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген.
Кеден қызметкерлері қораптан ерекше иісі бар қою жасыл өсімдік затын тапты. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шыққан. Жалпы салмағы – 500 гр.
ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері есірткіні тәркілеп, күдіктілерді ұстау үшін орнына макет салған. Сәлемдемені Астана қаласының тұрғыны қабылдап, одан әрі орау үшін басқа азаматқа берген.
Күдіктілер сәлемдемені қабылдау-тапсыру кезінде ұсталды. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.