Өңірлер

Қарағандыда зейнеткерді көлік қағып кетті

Sputnik
ҚАРАҒАНДЫ, 26 шілде – Sputnik. Қарағандыда жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан зейнеткерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция депаратменті.
"Оқиға 26 шілде күні сағат 7.55-те Мұқанов көшесінің бойында "Халық банкі" ғимаратына қарама-қарсы жаяу жүргіншілер жолында болған. Mercedes-Benz көлігінің 65 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен", - делінген полиция хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 63 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.
"Аталған факті полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп атап өтті өңірдің полиция департаменті.
Алматыда отбасымен бірге жолды кесіп өтпек болған баланы жүк көлігі қағып кетті