ПАВЛОДАР, 26 шілде – Sputnik. Павлодарда пәтерден күштеп өлтірілген 66 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, Лермонтов көшесіндегі пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды. Пәтер иесінің денесінде ұрып-соғу түріндегі күштеп өлтіру белгілері болған.
"Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұлы қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазір оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.