Анасын ұрып өлтірген: Павлодар қаласының тұрғыны іздестіріліп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Жазылу
ПАВЛОДАР, 26 шілде – Sputnik. Павлодарда пәтерден күштеп өлтірілген 66 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, Лермонтов көшесіндегі пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды. Пәтер иесінің денесінде ұрып-соғу түріндегі күштеп өлтіру белгілері болған.
"Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұлы қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазір оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.
Мужчина держится за голову - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Он күн балконда ұстаған: Ақтөбеде 4 жасар ұлын өлтірген әке күтпеген мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0