АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Жиында білім және денсаулық сақтау салаларына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы қарастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған бұл жұмыс тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды бөлігі болып саналады.
Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік кеңесші құқық қорғау және бақылаушы органдардың ақпаратына сәйкес тиісті мемлекеттік органдар тарапынан атқарылған жұмысқа қарамастан аталған салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту қажет екенін атап өтті.
Осыған байланысты мүдделі мемлекеттік органдар алдында Кешенді жоспарды өзектендіру жөнінде міндеттер белгіленді.