Оқиға

Жетісу облысында жүк көлігі мен электр пойызы соқтығысты

Sputnik
АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Жетісу облысында КамАз жүк көлігі мен электр пойызы соқтығысты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.
Оқиға 24 шілдеде сағат 10:50-де болған. Қала маңына жүретін электр пойызы мен КамАз соқтығысқан.
"Бескөл - Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде КамАз автокөлігінің жүргізушісі электр пойызымен соқтығысты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", - дейді ведомство.
Компания мамандарының айтуынша, оқиғаға КамАз жүргізушісі себепкер болған.
Оқиға
Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті