Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды тұлғалары тұтқындалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 24 шілде - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мен аумақтық департаменттің екі бастығы қамауға алынды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"21 шілдеде Астана қаласының ауданаралық тергеу соты ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасын, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастықтарын "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген ведомство хабарламасында.

Олардың басқа да жемқорлыққа қатысының бар-жоғы анықталуда, тергеу жалғасып жатыр.
Қоғам
Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктері ұсталды