https://sputnik.kz/20230720/totenshe-zhagdaylar-ministrliginin-zhogary-lauazymdy-sheneunikteri-ustaldy-36895200.html
Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктері ұсталды
Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктері ұсталды
Sputnik Қазақстан
Шенеуніктер 4 млн теңгеге дейін пара алған 20.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-20T10:08+0500
2023-07-20T10:08+0500
2023-07-20T10:09+0500
қоғам
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_0:147:3071:1874_1920x0_80_0_0_b658c4821d6292d78143b54a352888da.jpg
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Антикор төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мен департаменттер басшыларының былығын ашты.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің айтуынша, Антикор жоғары лауазымды шенеуніктер арасында жемқорлықтың жүйелі фактілерін анықтау аясында ТЖ министрлігімен бірлесіп, осы ведомствоның бөлімше басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.Пара сомасы 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейін барған.Бұдан бөлек, ТЖМ Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасағаны анықталды.Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Аталған лауазымды тұлғалардың басқа да жемқорлық құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Антикор.
https://sputnik.kz/20230719/zhetisu-oblystyq-totenshe-zhagdaylar-departamentinin-bastygy-ustaldy-36887097.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_238:0:2969:2048_1920x0_80_0_0_2f044b4f385a2c8b9183652af988a69c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай
Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктері ұсталды
10:08 20.07.2023 (жаңартылды: 10:09 20.07.2023) Шенеуніктер 4 млн теңгеге дейін пара алған
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Антикор төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мен департаменттер басшыларының былығын ашты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің айтуынша, Антикор жоғары лауазымды шенеуніктер арасында жемқорлықтың жүйелі фактілерін анықтау аясында ТЖ министрлігімен бірлесіп, осы ведомствоның бөлімше басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.
"Жасырын шаралардың нәтижесінде ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖ департаменті бастықтарының парақорлығы әшкереленді. Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарт жасау арқылы олардың қызметін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Пара сомасы 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейін барған.
Бұдан бөлек, ТЖМ Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасағаны анықталды.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Аталған лауазымды тұлғалардың басқа да жемқорлық құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Антикор.