Қоғам

Вице-министр жөндеу жүріп жатқан Шымкент мұнай өңдеу зауытында болды

Sputnik
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Шымкент мұнай өңдеу зауытына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында вице-министр мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысып, зауыт қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Жиынға қатысушылар жұмыс жоспарын талқылады және энергетика министрлігі тарапынан зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бөлігінде одан әрі іс-қимыл жоспары бойынша ұсынымдар берілді.
"Қазіргі уақытта зауытта бензиндердің каталитикалық риформинг қондырғысында пластиналы жылу алмастырғышты қосу бойынша операциялар жүргізіліп жатыр. Осы операцияны орындау үшін мұнайды бастапқы өңдеу, дизель отынын және авиациялық отынды гидротазарту қондырғылары ыстық айналымға ауыстырылды", - деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Автобензин мен дизель отынын шығарумен мазутты терең өңдеу кешені штатты режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту өтінімдерге сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Зауыт басшылығының ақпаратынша пластиналы жылу алмастырғышты жұмысқа қосу бойынша операциялар 23 шілдеде аяқталады, содан кейін 24 шілдеде қалыпты технологиялық режимге шығарылады.
АИ-95 маркалы бензин қымбаттауы мүмкін – министр