АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисиді және Мысыр Араб Республикасының барша халқын ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мысыр арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.