ҰҚК мұнай өнімдерін теңіз арқылы шетелге заңсыз шығарғандарды ұстады

Sputnik
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Мұнай өнімдерін теңіз арқылы шетелге заңсыз шығарумен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
"20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті "А" арнаулы мақсаттағы қызметі Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін шетелге, оның ішінде теңіз арқылы заңсыз шығару арнасының жолын кесті", - делінген комитет хабарламасында.
Комитеттің мәліметінше, Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді, деп атап өтті ведомство.
Өңірлер
ҰҚК Алматыда екі есірткі зертханасын жойды