Қазақстанда мобильді нөмірлерді абоненттің фотосуретімен тіркеу жоспарланып жатыр

Sputnik
АСТАНА, 20 шілде - Sputnik. Қазақстанда абоненттің бейнесін мобильді нөмірлерге қосу жоспарланып жатыр.
Бұйрықтың тиісті жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
"Қазіргі уақытта байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу кезінде ұялы байланыс абоненттерін онлайн сервистер арқылы тіркейді. Бұны абоненттік нөмірлерге басқа адамдардың дербес деректерін тіркейтін және қаржы секторында қылмыс жасайтын алаяқтар пайдаланып кетіп жатыр", - делінген түсіндірме жазбада.
Жоба авторларының пікірінше, осы олқылыққа байланысты құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дәйекті ақпаратқа қол жеткізу қиындайды.
"Осы қылмыстарды азайту мақсатында биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды", - деп атап өтті құжатта.
Бұйрық жобасы 3 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Қазақстанның телефон коды өзгеруі мүмкін