АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі косметологқа барған кезде оның сертификатын, сондай-ақ егілетін дәрінің жарамдылық мерзімі мен сапасын тексеру қажеттігін ескертті.
Косметологиялық клиникаларға барған кезде барлығы бірдей ботокстың жарамдылық мерзіміне және ең бастысы Қазақстанда осы заттың тіркелгеніне назар аудармайды.
"Бүгінгі күні дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес Қазақстанда ботулинотерапияда қолдануға арналған 12 дәрілік зат тіркелген. Олар "Ботулакс", "Ксеомин", "Вистабель", "ФОРТОКС®️", "Диспорт®️", "Нейронокс" сауда атауларымен ұсынылған. Бұл дәрілер қатаң түрде дәрігердің рецепті бойынша беріледі", - деп атап өтті министрлік.
Қазақстан заңнамасында рецепт бойынша дәрілік заттарды рецептсіз сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
"Дәрілік заттардың заңсыз айналымы үшін әкімшілік қана емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік те қарастырылады", - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі инъекцияларды өз бетінше енгізбеуге, тек қана сертификатталған мамандардың қызметтерін пайдалануға және елімізде тіркелген, дәрігердің рецепті бойынша жазылған дәрілік заттарды ғана сатып алуға кеңес береді.
Ұйымның таңдалған ем-шараларды жүргізуге лицензиясы бар екеніне көз жеткізу маңызды. Мұны мынаарқылы тексеруге болады.