Өңірлер

Ақмола тұрғыны үйінде есірткі сақтаған: күдікті жеті жылға сотталуы мүмкін – видео

Sputnik
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған ер адам ұсталды.
Облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны "Қарасора-2023" профилактикалық шарасы кезінде қолға түскен. Оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 кг 324 гр кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және 17 гр екі гашиш түйіні тәркіленді, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ диванның астынан 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды.
Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні өзі пайдалану үшін сақтаған.
ҚК 296-бабы 4-бөлігі "Ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Өңірлер
ҰҚК Алматыда екі есірткі зертханасын жойды