Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесу өткізді

Sputnik
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. "Орталық Азия + Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" саммиті аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Екі ел басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, Эмомали Рахмонның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.
Тоқаев Кувейттің тақ мұрагерімен кездесті