Қоғам

Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

Sputnik
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты. Бұл туралы оның адвокаты Эльнура Кішкенебаева TikTok-тағы парақшасында хабарлады.
Ол әншіні қолдаған барша жанға алғыс айтып, "бәрі жақсы" деп жазды.
Еске салсақ, 14 маусымда қазақстандық әртіс Төреғали Төреәлі есірткі шегіп көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Жол ережесін бұзған әншінің әрекетінен басқа автокөліктерге зақым келген. Сот қаулысымен ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ әнші полицияның заңды талабын орындамағаны үшін үш тәулікке қамалды.
Төреғали Төреәлі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді - видео