Қазақстанда телерадио хабарларын тарату тоқтатылады

Sputnik
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстанда профилактикалық жұмыстарға байланысты телерадио хабарларын тарату тоқтатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ондай шаралар үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жүргізіліп тұрады.
"Осыған байланысты 2023 жылғы 19 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуын өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз", - делінген ресми хабарламада.
Қоғам
Қазақстанда телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады