Қоғам

Қазақстанда телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Сәрсенбі, 20 шілде телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (елорда уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
"Жұмыс жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Айта кетері, "Қазтелерадио" АҚ жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды тоқсан сайын жүргізеді.
Бұл жұмыс телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады, деп түсіндірді ведомство.
Жаңалықтар
0