Қарағандыда ауыр қылмыс жасап сотталған адам қашып кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 шілде - Sputnik. Қарағандыда жазасын өтеп жүрген сотталушы медициналық мекемеден қашып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталушы 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен.
"Ол – 35 жастағы Батыс Қазақстан облысының тумасы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Сотталушыны табу үшін Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілді", - дейді ведомство.
Сотталушы толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған.
Осужденный сбежал в Карагандинской области
"Осы адамға ұқсас азаматты көргендер болса 102 нөмеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Полиция облыс тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауын сұрайды", - деп мәлімдеді полиция.
Өңірлер
Сарыағашта ұрлық үшін қамауға алынған ер адам изолятордан қашып кетті