Қарағандыда ауыр қылмыс жасап сотталған адам қашып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 шілде - Sputnik. Қарағандыда жазасын өтеп жүрген сотталушы медициналық мекемеден қашып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталушы 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен.
"Ол – 35 жастағы Батыс Қазақстан облысының тумасы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Сотталушыны табу үшін Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілді", - дейді ведомство.
Сотталушы толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған.
© Photo : Polisia.kzОсужденный сбежал в Карагандинской области
Осужденный сбежал в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Осужденный сбежал в Карагандинской области
"Осы адамға ұқсас азаматты көргендер болса 102 нөмеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Полиция облыс тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауын сұрайды", - деп мәлімдеді полиция.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Өңірлер
Сарыағашта ұрлық үшін қамауға алынған ер адам изолятордан қашып кетті
Жаңалықтар
0