Қарағанды облысында қашып кеткен сотталушы ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Бүгін Қарағандыдағы медициналық мекемелердің бірінен қашып кеткен сотталушы ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 шілдеде қашып кеткен адамды полиция департаменті мен өңірдің қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жедел қызметкерлері ұстады.

"Сотталған азамат қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағандыда ауыр қылмыс жасап сотталған адам қашып кетті