АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында ірі көлемде рельс ұрлау қылмыстары анықталды. Оны көліктегі полицияның лауазымды тұлғалары жасырып келген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Бұған дейін рельсті ірі көлемде ұрлау фактілері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының Қарағанды бөлімшесінде анықталған болатын. Жамбыл өңірінде бір топ адам жасаған тағы бір ұрлық әшкереленді.
"Бұл учаскіде жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығын әкелген барлығы 17 эпизод тіркелген. Тергеу нұсқасы бойынша осы тізімдегі 13 ұрлықты "Тараз" станциясындағы көліктегі полицияның лауазымды тұлғалары есепке алудан жасырған", - дейді прокурорлар.
Тергеу материалдарына сәйкес, теміржол желілерінің 5 мыңнан астам "ФОССЛО" бекіткіштері ұрланған. Осы бөлшектер рельстерді мықтап бекітуге және жоғары жылдамдықты қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.