Қазақстанда алғаш рет темір жолды жөндеуде отандық рельстер пайдаланылды

© Photoархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Алғаш рет Ақтөбе рельс белағаш зауытынан (АРБЗ) "Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнына" отандық өндірістегі 120 метрлік рельс партиясы жеткізілді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Ерекше ұзындықтағы болат рельстерді тасымалдау үшін компания Қазақстанда жасалған ұзын жылжымалы құрамды да арнайы сатып алды.
Ақтөбе рельс белағаш зауыты бұған дейін де темір жол рельстерін жөндеуге 100 метрлік рельстерді жеткізген. Ол кезде Ресейде жалға алынған 100 метрлік рельс тасымалдаушы вагондармен діттеген жеріне жеткізіліп отырған.

"Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнында" ұзын рельстер 800 метрлік желілерге дәнекерленеді. Олар жолды күрделі жөндеу кезінде пайдаланылады, - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы".

"Бұл жол конструкциясында түйіспелер аз. Сондықтан олар жолаушылар пойызының кедергісіз қозғалысын және учаскелердегі жүк пойыздарының жылдамдығын арттыруды қамтамасыз етеді", - деп хабарлады ұлттық компаниядағылар.
Компанияда хабарлағандай, ҚТЖ мен АРБЗ арасындағы ұзақ мерзімді келісім бойынша жыл сайын магистральдық теміржол желісін жаңғырту үшін 80 мың тоннаға жуық рельс өнімдері жеткізіледі.
Жаңалықтар
0