Өңірлер

Баянауылдағы өрт сөндірілді

Павлодарлық құтқарушылар Баянауыл ауданындағы өртті толығымен сөндірді
Sputnik
ПАВЛОДАР, 18 шілде - Sputnik. Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"17 шілдеде сағат 19.50-де Баянауылдағы өрт сөндірілді",-делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, 14 шілдеде сағат 12.45-те Баянауыл ауданы Қызылтау ауылынан 20 шақырым жерде ашық аумақта 800 гектарға жуық құрғақ шөп жанған болатын. Кейіннен өрт Долба орманшылығының аумағына өтіп, тағы 20 гектар аумақты шарпыды.
Өртті сөндіруге 7 техникасы бар 27 құтқарушы, 13 техникасы бар орман шаруашылығының 22 қызметкері, ерікті өрт құралымынан 11 техника мен 55 адам және жергілікті атқарушы органдардан 4 техника мен 8 адам жұмылдырылды.
Тілсіз жау бір күннен кейін ауыздықталған. Департаменттің хабарлауынша, Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы өрт әлі сөндірілген жоқ.
Баянауылда ірі өрт шықты