Баянауылда ірі өрт шықты

© Photo : ДЧС Павлодарской областиБаянауыл ауданында ірі өрт шықты
Баянауыл ауданында ірі өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2023
Жазылу
Бір тәуліктен бері құтқарушылар 800 гектардан астам аумақты шарпыған өртті сөндіріп жатыр
ПАВЛОДАР, 15 шілде – Sputnik. Баянауыл ұлттық паркіндегі өртті сөндіруге 130 өрт сөндіруші жұмылдырылды, деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"14 шілде күні сағат 12.45-те Баянауыл ауданында Қызылтау ауылынан 20 шақырым жерде ашық аумақта шамамен 800 гектар құрғақ шөп өртенді", - делінген хабарламада.
Өрт Долбинск орман шаруашылығының (115, 117, 118 орам) аумағына өтіп, ондағы тағы 20 гектар аумақты шарпыған.
Өртті сөндіруге 7 техникамен 27 құтқарушы, 13 техникамен орман шаруашылығының 40 қызметкері, ерікті өрт сөндіру жасағынан 11 техникамен 55 адам және жергілікті атқарушы органдардан 4 техникамен 8 адам жұмылдырылған.
Өрт оқшауланды, әлі толық сөндірілген жоқ.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барлық азаматты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, әсіресе орман және ауылшаруашылық жерлерінде мұқият болуға шақырды.
Жаңалықтар
0