Өңірлер

Павлодар облысындағы алқызыл көл кеуіп барады – арнайы комиссия құрылды

Sputnik
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова Павлодар облсындағы қызғылт көлдің таяздануына байланысты комиссияның құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін өңір тұрғындары дабыл қағып, Коряковка атты алқызыл көлдің таязданып бара жатқанын мәлімдеді. Ол жерді алдымен құрғатады, одан кейін түбінен тұзды жинап сатады. Әлеуметтік желіде үйіліп жатқан тұздың видеосы да тарады.
Қазіргі кезде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып жатыр.

"Комиссия құрамына экология комитетінің және Павлодар облысының табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану басқармасының сарапшылары, қоғам белсенділері кіреді. Олар Коряковка көлін зерттейді. Бұл – Қазақстанда танымал екінші қызғылт көл. Комиссия жұмысының қорытындысы жарияланады", - деп жазды Сүлейменов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Комиссия 18 шілде күні Павлодар облысындағы қызғылт көлге барады.
Айта кетері, Қазақстанда тағы бір қызғылт көл бар. Ол Ерейментау жақта орналасқан. Әлемде ерекше қызғылт көлдердің саны санаулы ғана.
Фото
Көбейтұздан Торревьехаға дейін: ғаламшардағы алқызыл көлдер – фото