АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қазгидромет 18-20 шілде аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық ағымдар әсер етеді: жаңбыр, бұршақ, найзағай және екпінді жел күтілуде.
18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, ал 18-20 шілдеде солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты бұл өңірлерде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ашық. 18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус аптап ыстық болжанып отыр.