Өңірлер

Жаңбыр, бұршақ және 42°C ыстық – үш күнге ауа райы болжамы

© Photo : Unsplash/Лео РивасАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
Республиканың солтүстік жартысында ауа райы жауын-шашынды болса, оңтүстігінде аптап ыстық болжанып отыр
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қазгидромет 18-20 шілде аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық ағымдар әсер етеді: жаңбыр, бұршақ, найзағай және екпінді жел күтілуде.
18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, ал 18-20 шілдеде солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты бұл өңірлерде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ашық. 18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус аптап ыстық болжанып отыр.
Пожар разгорелся в Семей орманы Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Қазақстанда бір аптада 300-ге жуық өрт тіркелді
Жаңалықтар
0