Қостанайда бас дәрігердің соты басталды

Sputnik
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қостанайда облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленконың ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Наш Костанай порталына сілтеме жасап.
Бас дәрігер Қылмыстық кодекстің екі бабы – 361-1 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) және 385-5 (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша жауапқа тартылып отыр. Қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы арқылы жасаған.
Бүгін түстен кейін соттың алғашқы отырысы басталды.
Владимир Михайленко еңбек жолын 1977 жылы Қарағанды қаласындағы №1 аурухананың жан сақтау бөлімінде бастады. Ал 1980 жылы Қарағанды медицина институтын бітіргеннен кейін дәрігер-хирург, анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істеді. Қостанай қаласы ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды. Облыстық денсаулық сақтау департаментінде директордың орынбасары болды.
2009 жылы Қостанай облыстық наркология диспансерін басқарды. Ал 2010 жылдан бастап Қостанайда облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері қызметіне тағайындалды. Бірнеше медаль мен орден алған.
Өңірлер
Бір кабинетте отыратын әріптесін зорлады деген күдікке ілінген дәрігер ақталып шықты