https://sputnik.kz/20230714/qostanayda-bas-darigerdin-soty-bastaldy-36797706.html
Қостанайда бас дәрігердің соты басталды
Қостанайда бас дәрігердің соты басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қостанайда облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленконың ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды... 14.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-14T16:38+0500
2023-07-14T16:38+0500
2023-07-14T16:38+0500
бас дәрігер
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қостанайда облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленконың ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Наш Костанай порталына сілтеме жасап.Бас дәрігер Қылмыстық кодекстің екі бабы – 361-1 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) және 385-5 (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша жауапқа тартылып отыр. Қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы арқылы жасаған.Бүгін түстен кейін соттың алғашқы отырысы басталды.Владимир Михайленко еңбек жолын 1977 жылы Қарағанды қаласындағы №1 аурухананың жан сақтау бөлімінде бастады. Ал 1980 жылы Қарағанды медицина институтын бітіргеннен кейін дәрігер-хирург, анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істеді. Қостанай қаласы ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды. Облыстық денсаулық сақтау департаментінде директордың орынбасары болды.2009 жылы Қостанай облыстық наркология диспансерін басқарды. Ал 2010 жылдан бастап Қостанайда облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері қызметіне тағайындалды. Бірнеше медаль мен орден алған.
https://sputnik.kz/20191021/Shymkent-dariger-zorlau-11818177.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас дәрігер, қостанай облысы
бас дәрігер, қостанай облысы
Қостанайда бас дәрігердің соты басталды
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қостанайда облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленконың ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Наш Костанай
порталына сілтеме жасап.
Бас дәрігер Қылмыстық кодекстің екі бабы – 361-1 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) және 385-5 (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша жауапқа тартылып отыр. Қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы арқылы жасаған.
Бүгін түстен кейін соттың алғашқы отырысы басталды.
Владимир Михайленко еңбек жолын 1977 жылы Қарағанды қаласындағы №1 аурухананың жан сақтау бөлімінде бастады. Ал 1980 жылы Қарағанды медицина институтын бітіргеннен кейін дәрігер-хирург, анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істеді. Қостанай қаласы ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды. Облыстық денсаулық сақтау департаментінде директордың орынбасары болды.
2009 жылы Қостанай облыстық наркология диспансерін басқарды. Ал 2010 жылдан бастап Қостанайда облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері қызметіне тағайындалды. Бірнеше медаль мен орден алған.