АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Ақмола облысында баланы құтқармақ болған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Щучьеде көлге батып бара жатқан баланы құтқарған 1958 жылы туған ер адам көз жұмды.
"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамды жағаға шығарды. Жедел жәрдем келгенше жүрегіне массаж жасап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмады", - деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.