Ақмола облысында баланы құтқармақ болған ер адамның өзі суға батып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевТонущий человек, иллюстративное фото
Тонущий человек, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Ақмола облысында баланы құтқармақ болған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Щучьеде көлге батып бара жатқан баланы құтқарған 1958 жылы туған ер адам көз жұмды.
"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамды жағаға шығарды. Жедел жәрдем келгенше жүрегіне массаж жасап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмады", - деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2023
Семейде ер адам суға батып кетті
Жаңалықтар
0