Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылды

Sputnik
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі заңдастырудан өткен шетелдік көліктердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
1 шілдеге дейін барлығы 205 915 шетелдік автокөлік есепке қойылды. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, заңдастырылған автокөліктердің басым көпшілігі Кеден одағының құрамындағы үш елге тиесілі. Олар:
Ресей – 136 636 көлік (66.3%);
Армения – 37 914 көлік (18.4%);
Қырғызстан – 22 144 көлік (10.7%);
Шетелдік көліктердің басым бөлігі оңтүстік аймақтарда тіркелген.
Алматы қаласы – 21 115 бірлік (10,3%);
Ақтөбе облысы – 20 876 (10,1%);
Шымкент қаласы – 15 145 (7,4%);
Батыс Қазақстан облысы – 14 204 (6,9%);
Атырау – 14 197 (6,9%);
Қызылорда облысында – 13 695 (6,7%);
"Өтінімді уақытында берген, бірақ көлікті заңдастырып үлгермеген Қазақстан азаматтырына белгіленген мерзімнен кейін заңдастыруға мүмкіндік беріліп отыр", - деді Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұдан бөлек, биыл 22 мамырдан бастап конструктор-автокөліктерін заңдастыруға рұқсат берілді. Бүгінгі таңда 14 654 автоконструктор заңдастырудан өтті.
Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аяқталуға жақын - ІІМ