Көкшетауда қоқыс жанып жатыр

Sputnik
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Көкшетау қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар екінші күн қатарынан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіріп жатыр.
"Тілсіз жау 3 га аумақты шарпыған. Өртке қарсы іс - қимылды үйлестіру үшін жедел штаб ұйымдастырылды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда өртті сөндіруге Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, атап айтқанда, 35 адам және алты техника, сондай-ақ әкімдіктің 30 қызметкері мен 22 көлік жұмылдырылған.
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы орман өрті толығымен сөндірілді