Последствия лесных пожаров в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Абай облысындағы орман өрті

Абай облысындағы орман өрті толығымен сөндірілді

© Photo : Пресс-служба министерства экологии и природных ресурсов КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2023
Жазылу
Алапат өрт бір ай бұрын, 14 маусымда оқшауланған болатын
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Семей Орманы" МОТР ақпараты бойынша бүгін сағат 13.00-де Абай облысы Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілді. Өртенген учаскенің ауданы 60 000 га құрады", - делінген хабарламада.
Орман өрті 14 маусымда сағат 21:00-де оқшауланған болатын. Өрт оқшауланып, өңірлерден жұмылдырылған ТЖМ күштері мен құралдары тұрақты жұмыс орындарына кеткен сәттен бастап оқиға орнында қайта өртену мүмкіндігін болдырмау мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары кезекшілік (қарауылдау) атқарды. Өрттің бүкіл периметрі бойынша патрульдеу жүргізілді.
ТЖМ түсіндіргендей, өрт аумағы одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана тілсіз жау оқшауланды деп саналады. Ол оттың қайта тұтануына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып, оның жануы толығымен тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі.
Еске салсақ, Абай облысында орман өрті 8 маусымда басталған болатын. Тілсіз жау 15 адамның өмірін қиды.
Тоқаев өрттен қаза болғандардың отбасына көңіл айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі
Жаңалықтар
0