АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Астанадағысауда-ойын-сауық орталығында болған бұзақылық дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
Министрліктің мәліметінше, оқиға 18 маусымда Астанадағы "Mega Silk Way" сауда-ойын-сауық орталығындағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.
"Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді", - делінген ведомство хабарламасында.
Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Астанадағы ірі сауда ойын-сауық орталығындағы кафелердің бірінде жанжал болып, қолында баласы бар ер адамға кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов жұдырық ала жүгірген еді.