КӨКШЕТАУ, 13 шілде – Sputnik. Ақмола облысындағы құрғақ шөп жанып жатыр. Өрт қаупі өте жоғары, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомстованың мәліметінше, Біржан сал атындағы ауданның Қайнар ауылынан 15 км жерде өрт шыққан.
Секундына 7 метрге дейін соққан жел мен ауа температурасының +38 градусқа дейін көтерілуі өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып жатыр.
"Жағдайға кешенді бағалау жүргізілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдар өрт алдын ала ауданының 1 100 гектарды құрайтынын анықтады. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деп мәлімдеді ведомство.
Қызыл жалынды сөндіруге Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.