"Әскери құрылыс" АҚ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Sputnik
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Әскери құрылыс" АҚ экс-президенті Е. Тәжиденов пен басқа да ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
11 адам қылмыстық жауапқа тартылды.
"Қылмыстық жауапқа тартылғандардың арасында туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы "Әскери құрылыс" ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты адамдар бар", - деп мәлімдеді ведомство.
Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарттар жасап, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
"Залалдың жалпы сомасы – 596 млн теңге. Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта айыпталушылардың ісі сотқа берілді", - делінген хабарламады.
"Балқаш жылу" басшылары ақша жымқырды: Kazakhmys Energy ақпаратты жоққа шығарды