https://sputnik.kz/20230617/balqash-zhylu-basshylary-aqsha-zhymqyrdy-kazakhmys-energy-aqparatty-zhoqqa-shygardy-36067199.html
"Балқаш жылу" басшылары ақша жымқырды: Kazakhmys Energy ақпаратты жоққа шығарды
"Балқаш жылу" басшылары ақша жымқырды: Kazakhmys Energy ақпаратты жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. "Kazakhmys Energy" ЖШС Балқаш жылу электр орталығын жөндеуге арналған 677 миллион теңгеге қатысты түсініктеме берді, деп... 17.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-17T16:46+0500
2023-06-17T16:46+0500
2023-06-17T16:46+0500
қазақмыс
балқаш
https://sputnik.kz/img/07e7/06/01/35490474_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_18c0da9c0754bc1714d13bf324751a67.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. "Kazakhmys Energy" ЖШС Балқаш жылу электр орталығын жөндеуге арналған 677 миллион теңгеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі "Балқаш жылу" ЖШС лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 677 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғанын хабарлады. Тергеу материалдарына сәйкес, бұрынғы басшылық ақшаны үш жыл бойы ұрлаған. Жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және ұстауға арналған бюджет қаражасы жеке шоттар мен жалған кәсіпорындар арқылы шығарылды. Компания уәкілетті органдарды тексерілмеген ақпаратты жарияламауды сұрады.
https://sputnik.kz/20230525/qazaqmys-zauytynyn-tozygy-zhetken-zhabdyqtary-balqash-ekologiyasyn-lastap-zhatyr-35261882.html
балқаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/01/35490474_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_f33694551fb1f923807a2ba73b10cbe9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақмыс, балқаш
"Балқаш жылу" басшылары ақша жымқырды: Kazakhmys Energy ақпаратты жоққа шығарды
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. "Kazakhmys Energy" ЖШС Балқаш жылу электр орталығын жөндеуге арналған 677 миллион теңгеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі "Балқаш жылу" ЖШС лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 677 млн теңге бюджет қаражатын
жымқырғанын хабарлады.
Тергеу материалдарына сәйкес, бұрынғы басшылық ақшаны үш жыл бойы ұрлаған. Жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және ұстауға арналған бюджет қаражасы жеке шоттар мен жалған кәсіпорындар арқылы шығарылды.
"Kazakhmys Energy" ЖШС бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Компания таратқан мәліметке сәйкес, "Балқашжылу" ЖШС мен Балқаш ЖЭО арасында жылу энергиясын сатып алу келісімшарты бар. Бүгінде, "Балқашжылудың" Балқаш ЖЭО алдындағы берешегі 1.8 млрд теңгені құрайды. "Балқаш ЖЭО-ның бүкіл жөндеу науқаны тарифтік сметаға енгізілген қаражат есебінен, сондай-ақ акционер – "Қазақмыс Холдинг" ЖШС қаражаты есебінен қаржыландырылады. Осылайша, қолды болды делінген 677 миллион теңгенің БЖЭО жөндеу бағдарламасына еш қатысы жоқ, жарияланған фактілер шындыққа жанаспайды", -
делінген ресми хабарламада.
Компания уәкілетті органдарды тексерілмеген ақпаратты жарияламауды сұрады.