ТАЛДЫҚОРҒАН, 10 шілде – Sputnik. Жетісу облысында толассыз жауған жаңбыр екі көпірді қиратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кербұлақ ауданындағы төтенше жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Ақпаратты облыстық ТЖД растады. Ведомствоның хабарлауынша, 9 шілдеде қатты жауған жауынның салдарынан Қарашоқы ауылы маңындағы екі көпір қираған.
"Бұл жағдай Сарыөзек-Қарашоқы тас жолында болды. Құбырлы өткелдер орнатылған 2 жерді су жарып өтті. Судың көлеміне төтеп бере алмады. Қазір жауын басылды, су деңгейі төмендеді. Қаза болғандармен зардап шеккендер жоқ", - деді ведомство.
Оқиға орнында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, қауіпсіздік бекеттері орнатылды.