Әлем

Бір секундта күлге айналды – Қытайда алып көпірді жарып жіберді. Видео

© Александр Кряжев / Медиабанкке өтужарылғыш зат
жарылғыш зат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автомобиль көпірі 23 жыл бұрын салынған, оның ұзындығы – бір жарым километр

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Қытайдың оңтүстік-шығысында Ган өзеніндегі ескі көпірді жарып жіберді, деп хабарлайды Сhina News басылымы. 

Цзянси провинциясындағы алып көпірді жарылғыш затпен жоқ қылды. Бұл ғажайып көріністі тамашалауға жүздеген адам келді.

Жойқын жарылыс бір секундта ұзындығы бір жарым шақырым көпірді күлге айналдырды.  

Келесі жылдың қаңтар айынан бұл жерде жаңа көпірдің құрылысы басталады, оның ұзындығы екі километрден аспақ. 

Жаңалықтар
0