АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Семей қаласында болған жантүршігерлік жол апатының видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 20 маусым күні "Audi 100" маркалы көліктің 19 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағанаға соғылған. Жас жігіт ауруханада есін жимастан қайтыс болды.
Қазіргі кезде жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.