Қазақтың екі боксшысы допингпен ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақ боксшылары Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік допинг қолданғаны үшін үш жылға барлық жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығының дисквалификацияға ұшыраған спортшылар тізіміне екі боксшының есімі енгізілді.
Саматәлінің ағзасынан оралтуринабол, ал Абзалдан метастерон табылды. Төлтаев 31 наурыздан бастап 2026 жылдың 31 наурызына дейін шеттетілді. Серік 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Айта кетері, Саматәлі Төлтаев 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Қазақстан ұлттық құрамасына кірген. 2022 жылы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. Ал Абзал Серік юнирорлар арасында Азия чемпионы болған.
Допингпен ұсталған қазақстандық ауыр атлет Олимпиада жүлдесінен айырылмайды